Қосшы қаласының оқушылары Үндістанның салт-дәстүрімен танысты. Балалар бүгін Үндістан Елшілігі жанындағы Мәдениет орталығына танымдық экскурсия жасады.
Оқушылар осы елдің дәстүрі, өнерімен танысып, елдің қазіргі даму бағыттары туралы дәріске қатысты, сондай-ақ үнді классикалық билері мен музыкасының көрсетілімін тамашалады. Балаларға ұлттық тағамдар да ұсынылды. Орталық өкілдері оқушыларға Үндістан үкіметінің білім беру гранттары, оқыту бағдарламалары, түрлі бағыттар бойынша курстар, сондай-ақ мәдени жобалар туралы мәлімет берді. Ұйымдастырушылар мұндай шараның Қазақстан мен Үндістан жастары арасындағы достық байланысты нығайтып, мәдениетаралық диалогқа деген қызығушылықты арттыратынын айтты.