Қырғызстанның Ош қаласында Абай Құнанбаевқа арналған көше, ескерткіш және музей ашылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат таратты.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Ош қаласының мэрі Женишбек Токторбаев, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысқан.
«Бүгін ашылып отырған ескерткіш, көше және музей – тек мәдени нысандар ғана емес. Бұл – екі елдің бауырластығын, рухани сабақтастығын және өзара құрметін көрсететін мәңгілік белгі, ұрпақты білім мен парасатқа жетелейтін ортақ құндылық екені сөзсіз», – дейді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.


