Талдықорғандық студенттер тауықтың жаңа тұқымын шығарды

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері тағамдық құндылығы мен бірегей биологиялық қасиетімен ерекшеленетін «Kazaukana» атты қара тауықтың тұқымын шығарды.

Зерттеу нәтижесі бұл құстың бойында басқа тауықтарға қарағанда ақуыз, мырыш және темір көп екенін көрсетті. Мамандар тауық еті дұрыс тамақтану үшін ерекше өнім екенін айтты.

«Kazaukana» тауығының ерекшелігі оның сыртқы түрінен де көрінеді. Оның тек сырт келбеті емес, сонымен бірге еті де қара түсті. Жұмыртқалары табиғи түрлі-түсті. Басқа қара тауықтармен салыстырғанда оның қорғаныш сақалы және кішкентай бұршақ тәрізді ноқаты бар. Бұл ерекшелік құстарға аязда үсіп қалмауға көмектеседі. Тауықтың бұл түрі суық климаттағы фермерлер аса қажет.

Құсты өсіру үшін студенттік топ 5 тұқымды пайдаланды. Атап айтқанда, Амераукана, Аям Цемани, Леггорн, малаизиялық жекпе-жекке арналған және жергілікті аралас тұқымды тауықтар.


Фото: Аскар Рахимов