Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті ресми сапармен келеді

10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.


Фото: Iranian Presidency/Handout/Anadolu via Getty Images