Елордада ұлттық музыкалық аспаптарға арналған жаңа Өнер музейі ашылды. Ашылу рәсімінде «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, музей экспозициялары таныстырылды.
Музей қорында 1600-ден астам ұлттық аспап бар. Желбуаз, мес сырнай, уілдек, тастауық секілді сирек көне аспаптар ерекше орын алған. Аспаптардың барлығы музей шеберлері жасаған.
Мекеме жанында Болат Сарыбаев атындағы зертханалық шеберхана жұмыс істейді. Мұнда аспаптарды зерттеу және жаңғырту жүргізіледі.
Музей XIX ғасырдың соңында салынған тарихи ғимаратта орналасқан.
Фото: egemen.kz