Қазақстанда мемлекеттік сервистерге кіру үшін 1414-тен келетін бір реттік SMS-кодтар енді қолданылмайды.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Бас прокуратура бұл қадамды интернет-алаяқтықтан қорғау үшін енгізді. 1414 арқылы келген кодтар азаматтардың жеке деректерін ұрлауға пайдаланылған жағдайлар жиілеген.
Енді мемлекеттік ақпараттық жүйелерге кіру тек:
▫️Биометриялық растау:
▫️ЭЦҚ;
▫️eGov QR-коды арқылы жүзеге асады.
Министрлік 1414-тен келген кодтың несие рәсімдеуге қатысы жоқ екенін ескертеді. Бұл алаяқтардың азаматтарды алдау үшін қолданатын айласы.