Қазақстанда 1 ақпаннан бастап барлық балабақшаларға тексерістер алдын ала ескертусіз жүргізіледі. Бұл Білім туралы заңға енгізілген өзгерістерге байланысты.
Бұған дейін жеке балабақшалар тек ата-ананың шағымы негізінде және алдын ала хабарлау арқылы тексерілетін.
Енді әлеуметтік желілерде тараған ақпарат немесе ата-аналардан түскен арыз-шағымдар бойынша министрлік өкілдері өз бұйрығымен жедел тексеру жүргізе алады.
Фото: gov.kz