Ұлттық статистика бюросының деректері бүгінде әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейтінін, шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы жалпы қосылған құнының үлесі қазірдің өзінде 40%-ға (39,8%) жақындағанын растайды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі орта бизнестің жалпы қосылған құнының үлесі 7,9% болды.
«Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектісінің 99,9%-ы – микро және шағын компаниялар. Олар 4,4 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 3,9%-ға артық. Яғни, бір жыл ішінде секторда ондаған мың жаңа жұмыс орны пайда болды деген сөз. ШОБ еліміздегі барлық экономикалық белсенді халықтың жартысына жуығын құрайды – 45,5%», - делінген ақпаратта.
Фото: atr.kz