Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

Президент Қ.Тоқаев электр қуаты, жылу және су тұрмысқа аса қажетті игіліктер екенін айтып, азаматтарды соның бәрін үнемдеп, ақылмен пайдалануға шақырды.

–  Халқымыз «Үнемшілдік – ырыстың кілті» деп бекер айтпаған. Біз осы қасиетті ұлттық дағдымыз етіп, қоғамда мүлдем жаңа мәдениет қалыптастыруымыз керек. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз – еліміздің энергетикалық дербестігінің мызғымас кепілі. Әділетті, Таза, Қуатты Қазақстанда өздеріңіз сияқты еңбек адамдары ең жоғары сый-құрметке лайық, – деді Мемлекет басшысы.


Фото: Ақорда