2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті алғаш рет алатын болса немесе жарамдылық мерзімі аяқталған кезде ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж салығын төлемейді. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.
«Жеке куәлік алғаш рет берілген кезде тегін болады. Сонымен қатар оның қолданылу мерзімі аяқталған соң ауыстырылған жағдайда да мемлекеттік баж алынбайды», - деді ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.
Фото: eGov.kz