Енді салық бойынша қарызы шамамен 6,5 млн теңгеге дейін жететін кәсіпкерлер берешегін бір жылға дейін кейінге қалдыра алады немесе бөліп төлеуге мүмкіндігі бар. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты.
Ол үшін мүлкін кепілге қоюдың немесе банктен кепілдік алудың қажеті болмайды. Бұл кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, қағазбастылықты азайтады.
Бұдан бөлек, өндіріспен айналысатын кәсіпкерлер үшін тағы бір маңызды мүмкіндік қарастырылған. Олар өндіріс үшін қажет тауарларды шетелден әкелген кезде қосылған құн салығын бірден емес, кейін төлей алады. Бұл мерзім бір жылға дейін созылады. Нәтижесінде кәсіпкерлердің айналымдағы қаржысы көбейіп, өндірісті дамытуға мүмкіндік туады, - деді министр.
Фото: egov.kz