Қазақстан Орталық Азияда өмір сүру ұзақтығы бойынша көш бастады

Қазақстанда халық денсаулығының көрсеткіштері жақсарып келеді. Елде жалпы және нәресте өлімі азайып, күтілетін өмір сүру ұзақтығы артқан.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы 10 айында жалпы өлім-жітім өткен жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға төмендеді. Нәресте өлімі 18,7 пайызға қысқарған.

Дүниежүзілік банк деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша көшбасшы атанды. Елдегі орташа көрсеткіш 75,4 жасқа жетті.

Сондай-ақ Қазақстан БҰҰ-ның 2025 жылға арналған Адам дамуы индексінде 193 елдің ішінде 60-орынға көтеріліп, бір жылда 7 сатыға жоғарылаған. Бұл нәтижелер денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мен жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін көрсетеді.



Фото: astanatv.kz