Астанада «E-museum» веб-порталы таныстырылды

Елдегі музейлерге енді виртуалды экскурсия жасауға болады. Ұлттық музейде «E-museum» веб-порталындағы өзгерістер таныстырылды.

Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.  Бүгінде «E-museum» порталына 300-ге жуық музей енгізілген. Тұрғындар кез келгенін таңдап, жәдігерлерді үйден шықпай-ақ тамашалай алады. Жүйеде жасанды интеллект арқылы жасалған виртуалды нұсқаушылар да бар.

Жиында Аида Балаева порталдың жұмысын одан әрі жетілдіруді тапсырды.


Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі