Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енді. Майлы дақылдарды өңдеушілер қауымдастығының мәліметінше, еліміз рейтингте 8-орынға көтерілген.
Биыл 10 айда тазартылған май экспорты 122%-ға өсіп, 132 мың тоннадан асты.
2026 жылдан бастап жылына 370 мың тонна май өндіретін 4 ірі жоба іске қосылмақ. Бұл Орталық Азия мен Таяу Шығыс нарығындағы позицияны нығайтуға мүмкіндік береді.
Фото: gov.kz