Зейнетақы қорынан баспана мен ем үшін 1 трлн теңге алынды

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті. Бір жылда 3,72 трлн теңгеге немесе 16,8%-ға артты.

БЖЗҚ-дан жасалған барлық төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударым көлемі 1,7 трлн теңге болды. Оның ішінде 11 айда тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылды – 1,01 трлн теңге.

Мұрагерлік бойынша 56,59 млрд теңге, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 40,34 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,85 млрд теңге, жерлеуге – 9,65 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 356,43 млрд теңге аударылды.


Фото: baq.kz