Рақымшылық аясында 338 адам жазадан босатылды

5 мыңнан астам сотталғанға қатысты жаза қолданылмады. Тағы 8,6 мың адамның жаза мерзімі қысқартылды. Бұл туралы Жоғарғы Сот хабарлады.

Қамауда ұстауға санкция беру туралы өтінішхаттардың үлесі азайғаны атап өтілді: 2025 жылы мұндай өтінішхаттардың 62,5 пайызы қолдау тапты (2024 жылы — 74,5 пайыз).  Сонымен қатар үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану 81 пайызға артты. Электрондық білезіктер 2 110 адамға қолданылды.


Фото: 7kun.kz