Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы пайдаланылмаған және заңсыз берілген 2,1 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
2022 жылдан бері барлығы 14,3 млн гектар жер мемлекетке өткен. Оның 12,5 млн гектары - жайылым. Қайтарылған жердің 7,7 млн гектары қайта бөлініп, жер пайдаланушылар 4,6 млн гектарды тиімді пайдалануға кірісті.
Сондай-ақ Президенттің Жолдауында белгіленген тағы 7,5 млн гектар жерді қайта бөлу жұмыстары жалғасуда.
Фото: gov.kz