Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Беларусьтегі халықаралық байқауда жеңімпаз атанды.
Беларусь Республикасының Витебск қаласында «Арт-парад в Витебске» VII халықаралық фестиваль-байқауы өтті. Байқауға Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Грузия және Қырғызстан – жалпы 12 елден 1 200-ден астам өнерпаз қатысты.
Байқауда Қазақстан атынан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша 4-курс студенті Ақерке Амалят өнер көрсетті. Ол қазақ халық әнін орындап, 129 ұпай жинап, «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иеленді.
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі