Елімізде әскери қызметкерлердің жалақысы өседі

1 қаңтардан бастап Қазақстанда әскери қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өседі.

Жаңа жүйеге сәйкес офицерлердің айлығы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамның айлығы 10 пайызға артады. Бұл – ақшалай қамтамасыз етуді арттырудың екінші кезеңі. Алғашқы кезең өткен жылы іске асырылды.

Сондай-ақ 2025 жылы әскери қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтіліп, тұрғын үй, білім беру және отбасыларды қолдау бағытында бірқатар өзгеріс енгізілді.


Фото: gov.kz