Үкімет геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөледі

Өткен жылы 100 мың шаршы шақырым жалпы алаңда 1:50.000 масштабты геологиялық түсірілім жүргізуге 20 жоба әзірленді, одан кейін жыл сайын 30 мың шаршы шақырым болатын ең перспективалы учаскелер қамтылды.

Үкіметтің хабарлауынша, алдағы үш жылда аталған 20 жобаны жүзеге асыру үшін, сондай-ақ аз зерттелген шөгінді бассейндер аумағында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуге, қазіргі заманғы геологиялық инфрақұрылымды құруға 240 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Жалпы соңғы 15 жылда 469 млн доллар салынды.

Жобаларға Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, далалық жұмыстар кешені кіреді. Учаскелер тізбесін қалыптастыру кезінде қорлардың сарқылу факторлары, пайдалы қазбалардың басым түрлері бойынша перспективасы ескерілді.


Фото: egemen.kz