Елімізде автокөліктерді лизингке беру бағдарламасы уақытша тоқтатылды. Бұған жол қозғалысы ережесін бұзу кезінде айыппұлдың жүргізушіге емес, лизингтік компанияға жүктелуі себеп болып отыр.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қазір бірыңғай лизингтік регламент әзірленуде. Айыппұл мәселесі реттелгеннен кейін лизингтік бағдарламалар қайта іске қосылады.
Фото: gov.kz