Астана әлемдегі ең қауіпсіз топ-100 қаланың қатарына кірді

Бұл тізімді Абу-Даби, Доха және Дубай сияқты қалалар бастап тұр. Халықаралық Numbeo рейтингісінің дерегінше, Қазақстанның астанасы бір жыл ішінде 105-ші орыннан бірден 81-ші орынға жайғасты. Қаланың қауіпсіздік индексі 67,5-ке дейін өскен.

Бұл елордада қылмыс деңгейінің төмендеп, қалалық ортаның тұрақты дамып келе жатқанының айқын дәлелі.


Фото: qamshy.kz