Қазақстан ажырасу бойынша әлемде 2-орынға шықты

Жаһандық деректер мен статистика сайтының мәліметінше, Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде 2-орынға шыққан.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылдың 9 айында 29 мыңнан астам неке бұзылған. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 33 мыңға жуықтаған. Осылайша, әрбір үшінші неке сәтсіз аяқталған.

Ең жоғары ажырасу деңгейі Алматы қаласында тіркелген. Сондай-ақ Астана мен Қарағанды облысында да көрсеткіш жоғары.


Фото: egemen.kz