300 мыңнан астам қазақстандық волонтерлікпен айналысады

Ұлттық волонтерлік желі әлеуметтік зерттеу жүргізді. Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірінен 11 мыңнан астам адам қатысқан.  

«Зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстанда волонтерлік қызмет тұрақты түрде дамып келеді. Қазіргі кезде волонтер саны 300 мыңнан асып, іске асырылған жобалар 5 есе артқан. Сауалнама нәтижесі халықтың 89%-ы волонтерлік қызмет туралы білетінін және әрбір үшінші азаматтың волонтерлік бастамаларға белсенді түрде қатысатынын айқындады», - делінген Мәдениет министрлігінің ақпаратында.

Сұранысқа ие бағыттар қатарында:
▪️әлеуметтік қолдау,
▪️қоршаған ортаны қорғау,
▪️түрлі іс-шара ұйымдастыруға арналған волонтерлік қызметтер аталған.


Фото: baq.kz