Астанада азаматтардың БЖЗҚ-дағы қаражатын ем-домға пайдалану 6 айға уақытша шектелді. Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді.
Оның айтуынша, радиохирургия бойынша өтінімдер саны күрт артқан. Бұрын айына 10-нан аспаса, қаңтарда 7 мыңға жеткен. Тексеру барысында кей клиникаларда қажетті жабдық пен мамандардың жоқтығы, ал бір мекеменің көрсетілген мекенжайда мүлде болмағаны анықталған.
Қазір заңсыз әрекеттердің алдын алу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Коллаж: Қазақ радиолары