2025 жылы 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазақстанда өткен жылы 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға көп.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпаратынша, 2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы 20,1 млн шаршы метрге жетті.

Тұрғын үй көлемі бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары көш бастап тұр. Ал ең жоғары өсім Жетісу, Алматы мен Қарағанды облыстарында тіркелген.


Фото: elordainfo.kz