Курчатовта жаңа электр станциясы салынады

Энергетика министрлігі Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр станциясын салуға тендер өткізді. Оның нәтижесі бойынша 2026 жылғы 12 қаңтарда «ГРЭС Курчатов» ЖШС компаниясы жеңімпаз анықталды.

Жоба «таза көмір» технологиялары негізінде, будың аса критикалық бу параметрлері бойынша станцияның жұмыс режимімен іске асырылатын болады. Оның іске асырылуы жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді: құрылыс кезеңінде 4 000-ға дейін және станция пайдалануға берілгеннен кейін 400-ге дейін жұмыс орны ашылады.


Фото: semeynews.kz