Бұл туралы ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мәлім етті.
Министр еліміздің гидроэнергетикалық ресурстары картасын әзірлеу мәселесі бойынша жұмыстар Қауіпсіздік кеңесінің қорытындысы негізінде берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау аясында басталғанын атап өтті.
«Платформа гидрологиялық, жер бедері, инфрақұрылымдық және құқықтық деректерді біріктіріп, оңтайлы жобалық шешімдерді қалыптастыруға, болашақ станциялардың параметрлерін есептеуге және жобалауға дейінгі дайындық мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді», — деп толықтырды Ерлан Ақкенженов.
Фото: opennews.kz