Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады

Бұл туралы Президент Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде айтты.

«Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді. Сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады. Кейбір партиялар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды пропорционалды жүйемен жасақтауды ұсынғанын білемін. Бірақ аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойлаймын. Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным», – деді Мемлекет басшысы.


Фото: gov.kz