Биыл «Бейнеу – Сексеуіл» автожолының құрылысы басталады

Жоба орындалғанда «Орта дәліз» қашықтығы 900 шақырымға қысқармақ. Демек Ақтау, Құрық порттарына тура жол ашылады. Сондай-ақ тозығы жеткен Қарағанды – Жезқазған бағыты жаңғыртылады.  

«Сарыағаш айналма жолының» құрылысын да  қолға алу жоспарланған. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында тиісті тапсырма берген болатын. Барлығы елдің көлік-логистиклық әлеуетін күшейтеді. Жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуы тікелей Президенттің бақылауында болады.


Фото: kaztag.kz