Конституцияда адвокатураның мәртебесі жеке баппен бекітілмек

Бұл туралы бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлім етті.

- Конституцияда адвокатураның мәртебесін жеке баппен бекіту ұсынылады. Адвокатура сот жүйесінің элементі емес құқықтарды қорғаудың дербес институты ретінде танылады. Бұл Конституциялық жаңалық мемлекет кепілдік беретін кәсіби заң көмегіне қол жеткізу құқығын нығайтуға бағытталған, - деді Ерлан Сәрсембаев.


Фото: РАА