Алматыдағы №95 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize 2025–2026 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ТОП-50 үздік мұғалімнің қатарына кірді.
Байқауға 130-дан астам елден бірнеше мың өтінім түскен.
Финалистерді марапаттау рәсімі 1–5 ақпан аралығында Дубайда өтетін халықаралық білім беру форумы аясында ұйымдастырылады.
Фото: Алматы әкімдігі