Қазақстанда 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

2025 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 210 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«2025 жылы Қазақстанда1 816 жұмыс беруші тіркелді. Оларда 323,3 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы,-делінген хабарламада.

Министрлік хабарлауынша, экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер: құрылыс саласында – 4 049 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 3 475 адам, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру саласында – 1 368 адам, өңдеу өнеркәсібінде – 1 297 адам.



Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

▪️Қытай – 6 090 адам;
▪️Өзбекстан – 3 093 адам;
▪️Түркия – 1 000 адам;
▪️Үндістан – 677 адам.


Фото: ratel.kz