Астаналық оқушылар өздері жасаған инкубатордан балапан шығарды

«Smart Bala» жобасы аясында қаладағы №111 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары – Перизат Кеңесбек пен Айжан Жасан қолдан инкубатор құрастырып, алғашқы балапандарын шығарды. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Оқушылар бұл тәжірибеге бір айға жуық уақыт бойы барлық ережені сақтай отырып үздіксіз бақылау жүргізген. Олар инкубатор ішіндегі температура мен ылғалды күн сайын тексеріп, жұмыртқалардың даму кезеңін зерттеген.


Фото: astana-akshamy.kz