«Қазақстан темір жолы» ҰК» деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін 5,8 млн тонна астық экспортталған. Бұл өткен маркетингтік жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық (4,8 млн тонна).
Жеткізілімдердің негізгі өсімі Орталық және Оңтүстік Азияның дәстүрлі нарықтарына тиесілі.
— Өзбекстанға астық экспорты 49%-ға артып, 1 813 мың тоннадан 2 702 мың тоннаға жетті. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 1,7 есеге өсіп, 95 мың тоннадан 163 мың тоннаға дейін ұлғайды. Ауғанстанға экспорт 1,9 есеге артып, 216 мың тоннадан 416 мың тоннаға жетті, — делінген АШМ хабарламасында.
Фото: rail-news.kz