Жаңа Конституцияның жобасында Үкіметтің қызметіне арналған нормалар нақтыланды

Жаңа Конституцияның жобасының алтыншы бөлімі Үкіметке арналады. Бір палаталы Құрылтайға көшуге байланысты көптеген ережелер нақтыланды.

Олар Үкімет пен оның мүшелерінің Құрылтай алдындағы жауаптылығы мен есеп беру, сенімсіздік вотумын білдіру, Құрылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру мәселелеріне байланысты.


Фото: primeminister.kz