Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингті жариялады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін рейтингте 5-орыннан 3-орынға көтерілді. Ол Мельбурнде чемпион атанып, Қазақстан атынан бұл турнирдің титулын жеңіп алған тұңғыш теннисші ретінде тарихқа енді.

Айта кетейік, WTA рейтингіндегі 3-орын - Рыбакинаның мансабындағы ең жоғары көрсеткішінің қайталануы. Ол 2023 жылы да осы сатыда тұрған.

Юлия Путинцева 24 орынға бір-ақ көтеріліп, 70-орынға жайғасты. Зарина Дияс 282-орында тұр (бұған дейін 8 саты төмен болған). Жібек Құламбаева 3 орынға төмендеп, 387-орынға түсті.

Әлемдік рейтингтің алғашқы екі орнын бұрынғыша Арина Соболенко мен Ига Швёнтек сақтап қалды.


Дереккөз: tengrinews.kz

Фото: qazsporttv.kz