Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Жиында қаланы дамыту мәселелері, атап айтқанда су, газ, жол секілді инфрақұрылымдық жобалар талқыланды. Жұмыстар басталмас бұрын барлық нормативтік актілер реттеліп, инвесторларға түсінікті болуы тиіс. Бұл бағытта отандық сарапшылар мен халықаралық ұйым өкілдері тартылмақ.
Жоба толық іске асса, 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.
Фото: ile-tany.kz