Қаңтар айынан бастап салық берешегін өндіріп алудың тәртібі өзгерді. Енді салық төлеушінің қарызы 20 АЕК-тен, яғни 86 500 теңгеден аспайтын болса, шоттары бұғатталмайды. Былтыр 6 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болған жағдайда қарызды өндіріп алу шаралары қолданылатын.
Ал салық берешегінің сомасы 45 АЕК-тен, яғни 194 625 теңгеден асса, өсімпұл есептеліп, шығыс операциялары бұғатталады және борышкердің шотындағы ақшадан берешекті мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады.
Фото: gov.kz