Констиция жобасынының 9-бабында «тең» сөзі «қатар» деп өзгертілді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Х отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
- 9-бап нақтыланып, «тең» сөзі «қатар» деп ауыстырылды. 50 және 51-баптарда «өтініш» деген сөздер «мәлімдеме» деп алынды. Қазақ тіліндегі сөйлем құрау ерекшеліктерін ескере отырып, орыс тіліндегі «является» деген сөз сызықшамен ауыстырылды. Осылайша, қазақ тілінде «болып табылады» деген сөздер алынып тасталды. Мұндай өзгеріс бірнеше бапты қамтып отыр. Бұл бағыттағы шаруамыз әрі қарай жалғаса беретін болады.
Фото: qazaqparat