- Биыл 11 мың шақырымда автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жұмыстары іске асырылатын болады. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес авиаотын нарығындағы делдалдардың жұмысын тоқтаттық. Нәтижесінде авиаотынның бағасы 1200 доллардан шамамен 950 долларға дейін төмендетілді. Бұл біздің әуе кеңістігінің шетелдік авиакомпаниялар үшін тартымдылығын күшейтуде. Биыл Астана қаласының әуежайында екінші ұшу-қону жолағының құрылысын бастаймыз. Оны іске қосу 20 жыл бойы жөндеу көрмеген бірінші жолақты жаңғырту жұмыстарына кірісуге мүмкіндік береді, - деді О. Бектенов.
Оның айтуынша, бұл Астана әуежайының өткізу қабілетін 4 есе арттырып, 40 млн жолаушыға дейін жеткізеді. Шілде айында Алматы әуежайының ішкі терминалын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Өткізу қабілеті 14 млн жолаушыдан 19 млн-ға дейін артады. Ұшу-қону жолағын жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.
Фото: Астана халықаралық әуежайы