Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның ХI отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
"Конституция жобасының 8-бабында меншіктің екі нысаны танылады және тең қорғалады делінген. Олар - мемлекеттік және жеке меншік. Көптеген ұсыныста бұл норманың барлық меншік нысандарын қамтымайтыны айтылған. Осылайша, аталған баптың 1-тармағы «Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады» деп жазылды", — деді Нұрмұханов елордада Конституциялық сот ғимаратында.
Фото: qazaqparat