Заңгерлер мен тіл мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесінде жаңа Ата заң мәтіні оқуға жеңіл, түсінуге оңай, құқықтық тұрғыдан нақты құжатқа айналды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның XII отырысында айтты.
– Жаңа Конституция жобасы жарияланғаннан кейін де келіп түскен ұсыныстар негізінде тағы қосымша нормалар, басқа да редакциялық-стилистикалық өзгерістер енгізілді. Қойылған сұрақтарға, айтылған сын-пікірлерге Комиссия мүшелері тарапынан бірден жауап я түсініктеме беріліп отырды. Осылайша Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты негізінде қоғаммен кері байланыс орнатылып, азаматтардың ұсыныс-пікірі мүмкіндігінше ескерілді, – деді Ерлан Қарин.
Фото: qazaqparat