Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум 15 наурыз күні өтеді. Дауыс беру таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Үгіт-насихат жұмыстары 12 ақпан мен 14 наурыз аралығында жүргізіледі. Ал 14 наурыз «тыныштық күні» болып белгіленіп, бұл күні агитация жасауға тыйым салынады.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, жыл басындағы дерек бойынша елімізде 12 млн 400 мыңнан астам азамат дауыс беру құқығына ие.
Фото: baq.kz