Жалпыхалықтық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы қабылданған жағдайда Ата заңның нақты қашан күшіне енетіні анық жазылды.
Жаңа Конституция жобасының «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын соңғы бөлімінің 94-бабы 1-тармағына сәйкес, республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.
Ал 2-тармақта республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланатыны нақты көрсетілген.
Фото: gov.kz