«Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдарбек Қожаназаров көпшіліктен келіп түскен цифрлық дербес деректерді қорғау, жекеменшік мүлікті қорғау және ашықтық жайында пікірлер мен ұсыныстар жайында айтты.
«Ұсыныстар қатарында көп қозғалған әрі бұған дейін де бірнеше рет көтерілген мәселе - цифрлық деректерді қорғау мәселесі болды. Азаматтың құқығы тек офлайн ғана емес, онлайн да қорғалуы керек екенін де айтып келе жатырмыз. Мәжілісте Цифрлық кодексті де енгіздік. Оны Ата заңымызда белгілеу маңызды болды. Екінші мәселе – азаматтардың жекеменшік үйін қорғау, соттың шешімінсіз жүзеге асырылмайтынын бекіту. Желілерде түрлі оқиғаларды көрдік, соған жол бермес үшін осындай шешім қабылданды», - дейді Айдарбек Қожаназаров.
#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026