Преамбула – өткен тарихымызды дәріптей отырып, болашаққа бағдарымызды анықтайтын іргетас

Бұл туралы «Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Үнзила Шапақ айтты.

«Преамбула – өткен тарихымызды дәріптей отырып, болашаққа бағдарымызды анықтап беретін іргетас. Қолданыстағы Конституциянының преамбуласы мен жаңа преамбулада үлкен айырмашылық бар. Оған назар аудару туралы бұған дейін бірнеше рет айтылып жүрді. Біріншіден, қолданыстағы Ата заңды қабылдаған кезде азаматтардың ұстанатын құндылықтары, саналық деңгейіне байланысты жазылды. Уақыт өте келе біз өзіміздің өткенімізді зерделеп, байырғы қазақ жерінде болған мемлекеттердің мұрагері екенімізді заңды түрде бекіту үшін құжат халықтың мүддесіне бағытталып, жаңа көзқараспен жазылды», - дейді Үнзила Шапақ.