Жанарбек Әшімжан: Бұл - жаңа тарихи кезеңнің басталуы

«Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Жанарбек Əшімжан осылай деді.

«Жаңа Конституция жобасының 1-бабынан бастап, 11 бөлім, 95 бап, 320 тармақтың барлығы Тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Әдеби, мәдени ғылыми тұрғыдан бастап, экономикалық тәуелсіздік, саяси тәуелсіздік, ішкі және сыртқы тәуелсіздік, адамдардың ар-ұждан бостандығы, жалпы шекаралық тәуелсіздік барлығы осы мақсаттқа арналды. Меніңше, бұл жаңа тарихи кезеңнің басталуы деп ойлаймын», - дейді Жанарбек Әшімжан.