Бұл туралы Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі Мәди Мырзағараев осылай деді.
«1995 жылғы қазіргі қолданыстағы Конституция жазылған кезде барлық адам телефон қолданатынын ешкім ойлаған жоқ. Қазір бұл - заман талабы. Жаңа Конституция жобасында осыны бекіту арқылы қазіргі алаяқтықтың, жеке деректердің бұзылуының, буллингтің және дипфейктің алдын алу қамтамасыз етіледі», - дейді ол.