Жаңа Ата заң жобасында «Миранда қағидасын» Конституция деңгейінде бекіту ұсынылды. Бұл ереже бойынша күдікті ұсталған сәттен бастап оның құқықтары міндетті түрде түсіндіріліп, адвокат көмегіне қол жеткізуі қамтамасыз етілуі тиіс.
Мамандардың айтуынша, бұл норма азаматтарды қысымнан қорғап, тергеудің әділ әрі ашық өтуіне жол ашады. Қазақстанда қағида 2015 жылдан бері кодексте бар, енді оны Конституцияға енгізу құқық кепілдігін күшейтпек.
Естеке сала кетейік, жаңа Конституция жобасына байланысты «Референдум–2026» онлайн-марафоны жалғасып жатыр. Шара сағат 18:00-ге дейін өтеді. Шара аясында Конституциялық комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар және азаматтық белсенділер пікір алмасу алаңында бас қосып отыр.